<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><author>Манар Р.</author>
<title>Рухыңмен асыл ҮРәж167</title>
<lyrics>[V1]
 Рухыңмен асыл
 кеудемді менің толтырдың,
 Сөзіңмен шуақ
 көңіліме менің нұр құйдың.
 Түбіне күнә көлінің батып кетер ем,
 Құнымды төлеп,
 мен үшін азап шекпесең.

[C1]
   Сүрінсем, сүйеп,
   Жығылсам, қайта тұрғыздың,
   Әлсіреп әлім,
   Құласам, қуат-күш құйдың.
   Бетіме баспай,
   Қатемді менің кешіріп,
   Жалтақтап, жалғыз қалғанда, маған,
   Жаныма келдің жүгіріп.

[V2]
 Сөздерің Сенің
 жолдарға жарық нұр шашқан,
 Мейірің Сенің
 адамға құшақ кең ашқан.
 Құрбан ғып Ұлды
 күнәмыз үшін бердің Сен.
 Адамзат барар
 алдыңа жолды Сол ашқан.</lyrics>
<hymn_number>167</hymn_number>
</song>